Рухани жаңғыру

Кітапхана — рухани жаңғыру ошағы

№9 Пригород ауылдық модельді кітапханасы «Кітапхана — рухани жаңғыру ошағы» атты кітапхана түнін өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы — «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Осы орайда әр қазақстандықтың білімге ұмтылысы, білім көзі — кітаппен достасуы, өз халқының тарихы мен мәдениетіне жетік болуы өте маңызды. Кітапхана түні де оқырмандар қатарын көбейте түсу мақсатымен ұйымдастырылды.

Түнгі кітапханаға жиналған оқырмандарды кітапхана ұжымы қазақтың қонақжайлық салты бойынша ұлттық тағамдармен қарсы алды.

Кітапхана әр оқырманның талғамына, қалауына сай келетіндей бірнеше «аумақтарға» бөлінді: «Ежелгі дәуір» аумағында — кітап пен кітапханалар тарихы; ал Тәуелсіздік бұрышында еліміздің 30 жыл ішіндегі табыстары мен жетістіктері туралы баяндалса, «Абай әлемінде» өлең-жыр оқылды. «Қолөнер» аумағында қолөнершілерге арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылып, ал «Өнер» аумағында кітапханамыздың тұрақты оқырманы Раиса Төлеғұлова қонақтарға әсем әуендер тарту етті.

Кітапхана түніне жиналған көпшілік ұжымға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ризашылықпен тарқасты.

Сарбиназ ДАУТИЕВА,

№9 Пригородный ауылдық модельді кітапхана меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button