Жастар

Қазина — шәкіртақы иегері

Жақында Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінде Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атындағы шәкіртақыны табыстау рәсімі өтті. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши ауылындағы Қ.Жазықов атындағы орта мектепте білім алып, мектепті жыл сайын тек үздік бағалармен тәмамдаған, қоғамдық, спорттық, қайырымдылық шараларына үнемі белсенді атсалысқан мектептің үлгілі түлегі Қазина Нұртазинаға Жоғары оқу орнында тұрақты түрде шәкіртақы беріліп тұрады. Бұған дейін М.Оспанов атындағы медицина университетінің 5-курс студенті Көркем Нәбиеваның 2017 жылдан бері алып келе жатқан шәкіртақысы жоғарғы оқу орнын тәмамдағанша жалғасын табады. Ата-аналар атынан Жалғас Нұртазин тілек білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Қ.Жазықовтың қыздары Лаура мен Мақпал Жазықовалар, мектеп директоры Флюра Қазиева, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жақсылық Айжанов қатысты. Музей директоры Елена Қалтаева музей атынан осы уақытқа дейін өткізіліп келе жатқан дәстүрлі шаралар жалғасын тапсын деп тілегін айтып, батыр ұрпақтарына ризашылығын білдірді. Шара соңында қонақтар музей экспозицияларымен танысып шықты.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button