Пікір

Жолдау — өркендеу кепілі

Темірлан Мирманов,

Алға аудандық мәслихатының депутаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында пандемияның зардаптарын жеңіп, Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту жолындағы мақсат-міндеттер айқындалды, осы тұрғыда Үкімет пен Парламентке нақты тапсырмалар берілді. Мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру мақсатымен саяси реформалардың жалғаса беретінін атап айтты. Сондай-ақ Президент білім беру және ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударып отыр.

«Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл — уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз».

Расында, ғылым бір адым алда жүрсе, қоғамның алға дамуына да ықпал ете алмақ. Жолдауда осы салаларды дамыту үшін мамандардың жалақысын арттыру, жаңа гранттар бөлу, қаржыландыруды көбейту, т.б. ауқымды қолдау шаралары жасалатыны айтылды.

Президентіміз ел тағдырына бейжай қарамайтын, халыққа жаны ашитын азаматтарға зор сенім артып отыр. Бәріміз де сол сенімге лайық еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне, ертеңгі күнгі жетістіктеріне үлес қосуға ұмтылсақ деймін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button