Тәуелсіздік — 30

Өтегеннің жұмысы үздік шықты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің тірегі Ата Заң!» облыстық бейнероликтер байқауының жеңімпазы анықталды.

Байқау шарты 10-25 тамыз аралығында әлеуметтік (инстаграм, Вконтакте, Facebook) желіге жарияланды. Байқауға облыстағы 14-29 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқауға 10 үміткер өтініш білдірді. Оның ішінде қала, аудан жастары бар.

Төрешілер қатарында болған Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қалдыбайдың айтуынша, байқаудың мақсаты —  жастар бойындағы шығармашылықты насихаттап, креативті ойлау және қиял дағдысын дамытуға ықпал ету.

Байқау қорытындысында патриоттық сезімін бейнеролик арқылы көрсетіп, әдемі ролик жасаған Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 2-курс оқушысы Өтеген Сисенғалиев жеңімпаз атанды. Ал екінші орынға №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушысы Анэль Амангелді ие болды. Үшінші орынды «Дүние» колледжінің оқушысы Бекқожа Төлепберген иеленді. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.  Сондай-ақ қатысушылар да Алғыс хаттармен марапатталды.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button