Әкімдер есебі

САҒАТ 12.00-ГЕ ДЕЙІН 545 САЙЛАУШЫНЫҢ 250-І ДАУЫС БЕРДІ

Бибігүл ШЫНДӘУЛЕТОВА,
Ойыл ауданы Көптоғай ауылы №401 сайлау учаскесінде «Nur Otan» партиясынан бақылаушы:

САҒАТ 12.00-ГЕ ДЕЙІН 545 САЙЛАУШЫНЫҢ 250-І ДАУЫС БЕРДІ

— Бүгінгі сайлауда дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары. Сайлаушылар осындай маңызды күнде өз таңдауларын жасап, сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне атсалысуда. Барлық байқаушылар мен учаскенің төрағасы өз орындарында талапқа сай жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі еліміздегі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты санитарлық талаптар қатаң түрде сақталып, сайлаушылар кезекпен өз дауыстарын беруде. Сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары деп айтуға болады.
Сайлаушылар тарапынан дәл қазіргі уақытқа дейін ешқандай қарсы шағымдар түскен жоқ. Тұрғындардың легінен байқағаным айтулы науқанда жастар өз белсенділіктерін көрсетуде. Жастардың сайлауға келу қарқыны жоғары. Халықтың дауыс беруге деген құлшынысы мен көңіл-күйлері жақсы. Барлығы өз таңдауларын жасап, болашақта ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосып жатыр.
№401 сайлау учаскесінде жалпы саны 545 сайлаушы тіркелген. Таңертеңгі сағат 7.30-да 30 сайлаушы дауыс берсе, 8.30-да 70 сайлаушы дауыс берді. Ал түскі сағат 12.00-де 250 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді.
Бұл жолғы әкімдер сайлауына үш партия өз үміткерлерін үкілеп отыр. Олар— «Nur Otan», «Адал», «Ауыл» партиялары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button