Ауыл

«Айталының» балықтары

Мұғалжар ауылдық округінде орналасқан «Ісқақ-Әулие» шаруа қожалығы мал мен қатар балық шаруашылығымен де белсенді айналысып отыр.

«Ісқақ-Әулие» шаруа қожалығы осыдан бес жыл бұрын аудан  бойынша балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Айталы» су айдынын бекітіп беру конкурсына қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

Содан бері бұл қожалықаталған су айдынына жыл сайын 34 мың балық шабағын жіберіп тұрады. Қожалықтың балық шаруашылығы бағытында 12 адам еңбек етеді. Балық өсіріп, көбейтіп, аулайтын балықшылар кәсіптеріне қажетті арнайы  құрал-жабдықтармен қамтылған. Бүгінде балықшылар Ақтөбе, Қандыағаш қалаларын «Айталының» балықтарымен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып отыр.

Қожалық иесіБекболат Сәрсембаевтың мақсаты — «Айталы» су айдынында  балық шаруашылығын жүргізумен қатар, сол аумақты демалыс орнына айналдыру. Қазіргі таңда терек, қарағай талдары және жеміс-жидек ағаштары отырғызылып,  тұрғын үй-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button