Басты жаңалықтар

Қорғаныс министрі әскери институтты аралады

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтында жаңа оқу-жаттықтыру кешені іске қосылды. Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Әуе қорғанысы күштері әскери институтында оқу-жаттығу процесінің ұйымдастырылуын тексерді. Ол әскери базаның нысандарын облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен бірге аралады.

Қорғаныс министріне кафедралардың оқу-жаттығу материалдық базасы, оқыту сыныптарының жабдықтары көрсетіліп, жоғары оқу орнын дамытудың басым бағыттары, атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарлар туралы баяндалды.
Институт басшылығы министрге өздері жасақтап жатқан «Виртуалды әуе айлағының» жаңа жаттықтыру кешенін көрсетті. Бұл кешен жеке ұшақтар мен авиация топтарын қондыру кезінде ұшуды басқаруға мүмкіндік береді. Оның көмегімен курсанттар ұшу қауіпсіздігін бақылау мен қамтамасыз етудің негіздерін зерделейді. Кешеннің бағдарламалық жасақтамасы «Л-39» ұшағының төрт жаттықтыру құрылғысымен және «Ми-8МТ» тікұшағының екі симуляторымен біріктірілген.
Бұл жаттықтыру құрылғысын институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, ал бағдарлама жасақтамасын І курстың курсанты Әлихан Дәулетұлы әзірлеген.
Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери базаның нысандарын аралап, бөлімшелердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен әскери даярлығының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайын, қару-жарақ және әскери техникалардың сақталуын ұйымдастыру жұмыстарын қарады.
Нұрлан Ермекбаев алдағы уақытта жұмыс сапарымен Атырау және Ақтау гарнизондарына да барады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button