Спорт

Біздің спортшылар —  чемпион

Ақпан айының соңында Алматы қаласында комбат джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Облысымыздың намысын қорғаған қыз-жігіттер бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Евгений Макшанцев 92 келі салмақ дәрежесінде, 1-орынды қанжығасына байлады. Ал 50 келі салмақта сайысқа түскен Нурия Абденова да 1-орын тұғырынан көрінді. Қайрат Жаржанов (57 келі) және Аслан Купаев (92 келі) жүлделі 3-орынға ие болды.

Бірінші орын иеленген Евгений мен Нурия Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына өтті. Сондай-ақ олар Азия(Нью-Дели, Үндістан) және Әлем(Баку, Әзірбайжан) чемпионатына жолдама алды.

Сайыс қорытындысы бойыншаНурия Абденова ҚР спорт шебері нормативін орындады. Ал Евгений Макшанцев болса, «Ең жылдам күрес» және «Үздік техника» номинациясымен марапатталды.

 Шолпан НҰРЛАНҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button