Мәдениет

Ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Өткен аптада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Мұғалжар ауданында ақын атындағы көшедегі «Бақытты бала» саябағында мерекелік іс-шара өтті.

Шарада Қандыағаш қаласының әкімі Т.Өтемұратов, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Байсұлтанов сөз сөйлеп, Жамбыл Жабаевтың шығармалары, ақынның ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін тағылымы туралы айтып өтті.

Бұдан кейін шараға қатысқандар ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Айта кету керек, ақынға арналған ескерткіш 2018 жылы орнатылған болатын.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button