Білім

Ақтөбе автожол колледжі шақырады!

Ақпан айында Ақтөбе автожол колледжінде құзыреттілікті бағалау орталығы ашылды. Жұмысшы персоналды, колледж түлектерін, сондай-ақ «Жас маман» жобасы шеңберінде мамандықты өз бетінше игерген тұлғаларды сертификаттауды ұйымдастыру мақсатында ашылған құрылымдық бөлімшесінің ашылуына облыстық білім басқармасының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері және колледждің әлеуметтік серіктестері шақырылды.

Мектеп түлектерінің мамандық таңдап, бас қатыратын уақыты жақындап қалды. Бұл — өмірдегі күрделі шешімнің бірі. Таңдау жасау барысында талас туатыны тағы бар. Осы ретте бірнеше жылдан бері білікті маман даярлауда үздіксіз еңбек етіп келе жатқан Ақтөбе автожол колледжі туралы азды-кем мәлімет берсек дейміз.

Үздіксіз қызмет, үлгілі үлес
Қазақ КСР Министрлер кеңесінің Білім және өнеркәсіп министрлігінің бұйрығымен 1974 жылдың 15 қазанында №18 (ТУ-18) Ақтөбеде техникалық мектеп құрылды. Мұнда алғашында Ақтөбе кондитер фабрикасының мамандары үшін тренингтер өткізіліп жүрді. 16 жыл ішінде оқу орны осы саладағы инженерлік-педагогикалық мамандықтармен толықтырылып, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Ал 1992-1995 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының оқу ғимараты болып құрылды. 1997 жылы №1 мектеп, №14 кәсіптік лицей және №23 кәсіптік лицей болып қайта құрылды. 2000 жылдан бастап «№6 кәсіптік лицей» болып өзгерген білім ордасы 2001 жылы облыстағы «Үздік лицей» атанды. Ақтөбе облысы әкімінің 2012 жылғы 10 маусымдағы №240 қаулысына сәйкес кәсіптік лицей Ақтөбе автомобиль және жол колледжі болып өзгертілді.
Бүгінде колледждің өзінің материалдық-техникалық базасы қалыптасқан. 2 оқу корпусы, оқу бөлмелері, арнайы жабдықталған зертханалар мен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген компьютерлік кластары, ыстық тамақтану асханасы, спорт залы, мәжіліс залы, акт залы, кітапхана, медициналық кабинеті бар. Өндірістік оқыту кабинеттері автокөліктерге техникалық қызмет көрсету үшін жабдықталған, жүргізушілерді үйрететін имитациялық тренажерлер, оқу-өндірістік шеберханалары жұмыс жасап тұр.
Оқушылар үшін спорт секциялары мен үйірмелер қарастырылған. Жастар арасында еріктілер қызметі де жақсы дамыған. Демалыс кезінде олар «Жасыл ел» бағдарламасымен қамтылады.
Ақтөбе автожол колледжі дуальды оқыту моделін енгізген алғашқы оқу орындарының бірі болып табылады. Оның элементі — құзыреттіліктерге негізделген модульдік білім. Бүгінде барлық мамандықтарға модульдік оқыту жүйесі енгізілді.
Дуальды оқыту оқушылардың 100 пайызын қамтиды. Яғни білім алушылардың 40 пайызы колледж қабырғасында теориядан білім алса, 60 пайызы толық арнайы мекемелерде тәжірибеден өтеді. Бүгінде колледж 120-дан астам әлеуметтік серіктестікпен келісімшартқа отырған.

Ертеңгі күнге сенім нық
Жоғарыда атап өткеніміздей, биылғы 11 ақпанда колледжде құзыреттілікті бағалау орталығы ашылды. «Жас маман» жобасы шеңберінде ашылған құрылымдық бөлімше
мамандықты өз бетінше игерген тұлғаларды сертификаттауды ұйымдастыру мақсатында қолға алынып отыр.
Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында берген тапсырмасы негізігінде қолға алынған «Жас маман» жобасы — біздің Ақтөбе автожол колледжінде сәтті жүзеге асырылуда.
Бұл жоба «Жастар — ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді.
Аталған жобаның негізгі мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу. Жоба аясында шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының қатысуымен «Жас маман» жобасын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды.
Жоба аясындағы барлық шешімдерді колледж жанынан құрылған арнайы комиссия мүшелері талқылап, қабылдады. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұранысқа ие 100 мамандықтың тізімін анықтады. Осы тізімнің ішіне біздің колледждегі автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, баспа өндірісі, тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар мамандықтары енді. Бүгінгі таңда «Жас маман» жобасының жоспарына сәйкес автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, баспа өндірісі, тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар мамандықтары бойынша колледжіміз заманауи құрал-жабдықтарымен толық қамтамасыз етілді. Мәселен, стартер мен генераторды тексеруге арналған cтенд, мультиплексті электронды бензин қозғалтқышын басқару CAN жүйесі, Bosch FSA 740 портативті мотор-тестері мен қуатты қондырғыны (ІЖҚ/электр қозғалтқышы) гибридті
басқару жүйесі бар автомобильдің қолданыстағы моделі сынды құралдар біздің оқытушылар мен оқушыларымыз үшін үлкен арман болатын. «Жас маман» жобасының арқасында арман ақиқатқа айналды.
Колледжде кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер тартылады. Олармен бірлесіп кадрларды дайындау бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау және оқу орны мен менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа жабдықтармен, бағдарламалармен колледждерде оқуды бастау биылдан бастап жүргізілуде.
Колледжімізді жабдықтауға арналған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жасақталуда, сондай-ақ жабдықтарды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатылады. Осы жоба аясында басқа колледждерге оқу/тренинг орталығы ретінде қызмет ету жоспарлануда, осылайша колледждің одан әрі дамуына қосымша бюджеттен тыс кірісті қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ құзыреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және стартап-жобаларға тарту үшін бизнес-инкубаторлар/технопарктердің жұмысы ұйымдастырылады, онда тартымды жобаларды қаржыландыру үшін бизнес орта шоғырландырылатын болады.
Колледж түлектері оқу барысында заманауи жабдықтарды жан-жақты қолданып, жеткілікті білімдерін, кәсіби дағдылары мен ақпараттық технологияларын меңгере отырып, алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндігі арта түседі деп ойлаймын.
Сонымен қатар Ақтөбе автожол колледжі оқытушылары Production KZ оқу орталығынан сертификаттаудан өтіп, халықаралық стандарттарға сай бағдарламалар бойынша жұмыс істеуде. Бұның жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, өз кезегінде Қазақстанның барлық өндірістік саласының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Колледжіміздің әлеуметтік серіктестік кәсіпорындары студенттерге жұмыс берумен қатар, бағдарламаларды, жабдықтарды жаңартуға және оқытушылар құрамына арналған тағылымдаманы ұйымдастыруға көмектеседі.
Автожол колледж оқушыларының ең басты артықшылықтарының бірі — заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген шеберханаларда практикалық тұрғыда дағдыланып, әрі қарай өндірісте жұмыс істеуге дайын болып барады. Ол үшін шынайы өндіріс процесі жасақталған.

Жанар ӘЛІШЕВА,
Ақтөбе автожол колледжінің директоры,
Экономика ғылымдарының кандидаты.

Ақтөбе автожол колледжіндегі мамандық атауы
2020 – 2021 оқу жылы
Код Мамандық Айы Біліктілік

1201000
«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» 1 120112 3 «Техник-механик»
2 120107 2 «Автокөліктерді жөндеуші слесарі»
120109 2 «Көліктерді жөндеу шебері»
3 120111 3 «Электр-механик»
4 1201023 «Автомобиль көлігі диспетчері»
1201052 «Автосервис менеджері»

1119000 «Тоңазытқыш – компрессорлық машиналар және қондырғылар» 5 1119053 «Техник-механик»
6 1119032 «Жабдықтарды жөндеу шебері (өнеркәсіпте)»
1119012 «Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын құрастырушы»

1227000 «Полиграфия өндірісі» 7 1227103 «Техник-технолог»
8 1227072 «Баспа ісінің маманы»
1227012 «Брошюралаушы-түптеуші»
1227032 «Баспагер»
9 1227113 «Жабдықтарды жөндеу және пайдалану технигі»
1410000 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» 10 1410013 «Техник-құрылысшы»
11 1410032 «Жол жұмысшысы»
1410042 «Асфальтбетон төсеуші машинисі»

Басқа жаңалықтар

Back to top button