Білім

Олимпиада басталды

Кеше жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Ақтөбе қаласындағы «U-Study» оқу орталығының ғимаратында ұйымдастырылып жатқан білім бәйгесінде аудандық (қалалық) олимпиаданың жеңімпазы атанған 725 оқушы  бақ сынап жатыр. Жарыс 27 ақпан күні аяқталады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты — дарынды балаларды анықтау, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу.

Шараға 9-11 сынып оқушылары қатысуда.

Аудандардан 263 оқушы, Ақтөбе қаласынан және облыстық мектеп-интернаттардан 462 оқушы сынға түсуде.

Облыстық олимпиаданы өткізу үшін облыстың бас санитарлық дәрігерінен келісім алынды. Сайыс барысында барлық санитарлық нормалар сақталуда, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлназ Сүлейменова.

Оның айтуынша, биылғы ерекшелік — әр  пән бойынша олимпиада бір күнде  өткізіледі.

Барлық тапсырмалар «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ro.daryn.kz сайтында орналастырылады.

Оқушылардың орындалған жұмыстары сканерленіп, «Дарын» РҒПО, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының aktobedaryn.ai.kz сайтында жарияланады.

Олимпиаданың ашықтығын, әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету  департаментінің, арнайы мониторинг тобының, қамқоршылық кеңестің, т.б. өкілдері тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуда.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button