Білім

260 оқушы облыстық кезеңде бақ сынайды

Олимпиада

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі аяқталды.

Қорытындысында 260 бала білім бәйгесінің облыстық кезеңіне қатысады.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаеваның айтуынша, облыс орталығындағы 85 мектептен жалпы 1785 оқушы жарысқа қатысуға өтініш берген. Денсаулығына, ауа райының қолайсыздығына және басқа да түрлі себептерге байланысты 149 бала сайысқа қатыса алмапты.

Олимпиадаға 1636 оқушы қатысты. Сайыс 14 пән бойынша ұйымдастырылды. Биыл бірінші рет өзін өзі тану пәні бойынша олимпиада өткізілді, — дейді Жұлдыз Шалабаева.

Оның айтуынша, пәндер арасында ағылшын тілі пәнінен олимпиадаға қатысушылар көп екен. 200-ден астам оқушы бақ сынаған. Неміс тілі пәні бойынша 2 оқушы, француз тілі пәні бойынша 1 бала сын тапсырды.

Олимпиада барысында оқушылардың басқа ресурстарды қарауына жол бермеуі үшін жарыс арнайы бейнебақылаумен жабдықталған кабинеттерде  өткізілген.

Шара ұйымдастырылған 26 аудиторияда да бейнекамера орнатылды. Сондай-ақ қазылар жұмыс жасаған кабинет те бейнекамерамен жабдықталды.

Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды, — дейді бөлім басшысының орынбасары.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button