Білім

Олимпиаданың ІІ кезеңі: 2 бағыт және 6 мыңға жуық оқушы

Ақтөбе қаласындағы №55 мектеп-гимназияда қалалық олимпиада өткізіліп жатыр. Шараға 9-11-сынып оқушылары қатысуда. Білім бәйгесі 12 ақпанға дейін созылады.

Мақсат — дарынды және талантты балаларды анықтау. Қалалық олимпаиадаға қатысуға жалпы 1800-ге жуық оқушы ниет білдірген. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 762 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 943 оқушы қатысуда.

Олимпиада І турдан тұрады. Жазбаша түрде жүргізіледі. Олимпиада қатысушыларының орындаған жұмыстары орындау уақытына қарай дереу сканерленіп, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының сайтында жарияланады. Бұл тапсырманың жауап шешімдері жарияланған соң, әр қатысушыға ашық түрде орындаған тапсырмасы бойынша өз қателері мен дұрыс жауаптарын салыстыруға, өзінің ұпайларын бағалауға мүмкіндік береді.

Пәндік олимпиаданың өткізу барысын қадағалау үшін тәуелсіз сарапшылар ретінде қамқоршылық кеңестерінің төрағалары, еңбек ардагерлері, ата-аналар шақырылады. Қазылар алқасының құрамында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің, С.Бәйішев университетінің және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушылары мен ғалымдары бар.

Облыс бойынша  білім додасына жалпы 5601 оқушы қатысады.

Үздік нәтиже көрсеткендер жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button