Мәдениет

Рухани қор тұрақты толығуда

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған  кітапхана  жүйесі «Кітап  — рухани қазына» атты қорытынды есеп беру жиынын өткізді.  

№6 Қарғалы селолық модельді кітапханасының оқу залында өткен жиынға мәдениет саласының өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.

Алдымен Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана  жүйесінің директоры  Құралай Райымбаева баяндама жасап, өткен жылы өткізілген іс-шараларға кеңінен тоқталды. Бұдан соң Абай атындағы №1 қалалық кітапхана меңгерушісі Сандуғаш Амангелдина «Абай дана Абай дара қазақта», №3 қалалық кітапхана меңгерушісі Гүлзайда Тамабай «Рухани қазына — халық игілігі, ұрпаққа ұлағат», М.Горький атындағы №4 қалалық кітапхана меңгерушісі Айнұр Досмұратова «Кітапхананың қашықтан қызмет көрсету түрлері» тақырыптарында және басқа да кітапхана қызметкерлері мазмұнды баяндамалар жасады. Сондай-ақ жиында кітапханадағы өлкетану қызметтерінің мүмкіндіктері мен анықтамалық-библиографиялық жұмыстары жөнінде ақпараттар берілді.

  • Қазір Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесі 17 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы онлайн жүйеде оқырмандардың кітап оқуға деген сұранысы артты.Жергілікті оқырмандардың ақпараттық қорларға еркін қол жеткізуіне жан-жақты жағдай жасалған. Жыл сайын көптеген ақпараттық басылымдармен, көркем әдебиеттермен кітап қоры тұрақты түрде толығуда, — дейді Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйсінің әдіскері Жарқын Сейтмағанбетова.

 А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button