Жаңалықтар

Тілсіз жау түтіннен басталады

Рейд

Соңғы кезде автокөліктердің отқа өртенуі жиілеп кетті. Осыған орай Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері рейд жүргізуді бастады.

Алдымен олар «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғамдық көліктерінің тұрақтарына барды. Автопарк қызметкерлері және автобус жүргізушілерімен кездесіп, өрттің алдын алу, болдырмау үшін қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертті. Өткен жылы Ақтөбе қаласының аумағында 5 көлік отқа оранса, жыл басынан бері 10 автокөлік тілсіз жаудың құрсауында қалған. Автомобильдегі өрттер, негізінен, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан және техникалық ақаулардан болады. Сол себепті әрбір жүргізуші көліктерін уақтылы техникалық қауіпсіздігін қадағалап, техникалық байқаудан өткізу керек.

Егер көлігіңіздің ішінен жанар-жағармайдың иісін сезсеңіз, капоттан түтін шығып жатқанын байқасаңыз, дереу тоқтатыңыз. Жолаушыларды далаға шығарып, «101», «102» нөмірлерін теріп өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз. Оған дейін қолда бар өртсөндіргіш құралдарымен өртті ауыздақтауға тырысыңыз. Өрт сөндіру құралы міндетті түрде жүргізуші орындығының астында тұруы керек, — дейді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Айбат Жаңабергенов.

Басқарма қызметкерлері автокөлік иелері мен жүргізушілеріне тұтану мен жануға әкелуі мүмкін барлық электр жабдықтарының жарамдылығын мұқият қадағалау керектігін ескертті.  Автокөлік жүргізушілеріне егер газ отын ретінде пайдаланылса, онда газ жабдықтарын үнемі тексеріп отыру керектігін айтты. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Егер қауіпсіздік шараларын сақтамай, талаптарды орындамаған жүргізушілерге қатаң шаралар қолданылады.

Шолпан ЖОЛАУШЫБАЕВА,

Л.Н Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті

Журналистика және саясаттану факультеті

Қазақ журналистикасы мамандығының  4-курс студенті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button