Пікір

Бір міндетіміз — табиғатты көркейту

Бақи ЗҰЛҚАШЕВ,

Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт бөлімнен тұратын «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым. Мақалада еліміздің Тəуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері айтылып, алдағы төртінші онжылдықтың міндеті айқындалған.

Тәуелсіздік — біздің ұрпақтың бақыты. Егемен еліміз бар, жеріміз бар, тіліміз бар, көк Туымыз бар, шүкір.

Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.

Осы мақалада Мемлекет басшысы қоғамды мазалап жүрген жер мәселесіне қатысты «Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды», «Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ», — деп нақтылап, нығыздап айтты. Тіпті, ел Президенті мақаласында жер қадірін білудің жалаң ұранмен өлшенбейтінін айтып, туған жеріне жаны ашымайтындардың қылығын көріп күйінетінін де жеткізді.

Еліміздің қай жері болмасын — киелі. Сондықтан да көзіміздің қарашығындай қорғауымыз қажет. Әсіресе, әркім өз туған жерін ластамай, керісінше гүлденуіне атсалысса, сол ісі — Отанды қорғауға қосқан үлесі болар еді.

Айтпақшы, ел Президенті «Мемлекеттік тілді білу — Қазақстанның әрбір азаматының парызы», — деп, қазақ тілін білмейтін азаматтарға Үндеу жасады. Расында да ынта-тілегі болса, қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button