Әлеумет

Зейнетақы жинағын пайдалана аласыз

2021 жылдан бастап ел азаматтары зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, ипотека өтеу немесе емделу ақысын төлеу үшін пайдалана алады. Қолданыстағы ипотеканы жабу немесе жаңа ипотека рәсімдеуді еліміздегі кез келген банк арқылы жүргізуге болады.

— «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша уәкілетті оператор ретінде тағайындалған жағдайда онлайн-форматта өтініш беруге арналған «бір терезе» және зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы ақпаратты жинақтап, өңдейтін орталық болады. Өтініш қабылдауға арналған онлайн-сервис 2021 жылдың басында жоспар бойынша іске қосылып, қазақстандықтар оны пайдалануды бастап кетеді деген жоспар бар. Азаматтар электронды-цифрлы қолтаңба көмегімен арнайы порталға кіріп, қолжетімді зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағым шоттарын ашу және жүргізу, сондай-ақ бұл жинақтардың белгіленген мақсатта жұмсалуы үшін аударым жасау бойынша белгіленген барлық комиссияны нөлге теңестіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ банк бірыңғай жинақтау зейнетақы қорынан төленетін бір реттік зейнетақы төлемдерін қабылдау және есепке алу жөніндегі агент қызметін көрсеткені үшін комиссиялық төлем алмайды, — дейді аталған банк филиалының бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Заитов.

Бұл ретте зейнетақы жинағын толықтай жұмсау қарастырылмағанын айта кету керек: әр жас бойынша белгіленген жеткілікті сома шегі бар. Бұл — Қазақстан азаматына зейнетке шыққан соң қажет болатын минимал жинақ көлемі. Осы шектен асқан зейнетақы жинағы сомасын жеке табыс салығы алынған соң көрсетілген мақсаттарда пайдалануға болады.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button