Әлеумет

Сенім телефоны іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе облыстық филиалы сенім телефонын іске қосты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының PR-менеджері Сәуле Хамидолла айтты.

Енді өңір тұрғындары 8777 770 23 33 байланыс нөміріне хабарласып, мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты өтінішін немесе қызметтің сапасына қатысты шағымын білдіре алады. Азаматтардан қоңыраулар дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады, — дейді Сәуле Нұрболқызы.

Сондай-ақ филиал басшылығымен байланысуға тағы бір мүмкіндік жасалды. Ол үшін ақтөбеліктер ұялы телефон арқылы QR-кодты пайдаланып, филиал қызметкерлерінің Facebook-тегі парақшасына өтіп, сол жерде сұрағын қоя алады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button