Ауыл

Ұялы байланыс жетті. сыйлықтар берілді 

Мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Темір ауданына қарасты Шығырлы ауылында ұялы байланыс желісі іске қосылды. Яғни ауыл тұрғындары енді сол жақтан байланысқа шығып, кез келген адаммен сөйлесе алады. 

Қазіргі таңда аталған ауылда 9 жылдық  мектеп, ауылдық клуб,  кітапхана, медициналық пункт жұмыс істейді.

Ұялы байланыстың қосылуына орай атқарушы билік бірнеше ауыл тұрғынына қалта телефонын сыйға тартты. Аудан әкімі Жолдас Батырханның қолынан мұндай сыйлық алғандардың қатарында көпбалалы ана Элла Қожабаева, зейнеткер Нұрғаным Сисенбаева, үздік оқушы Іздаш Нұршат, мүмкіндігі шектеулі жан Сейітжан Тасқынбаев бар.

Бұл біздің көптен бергі арманымыз еді. Байланыстың қосылғанына өте қуаныштымыз. Аудан әкімі былтыр бізге берген уәдесінде тұрды. Сол үшін ол кісіге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Енді ауылға ауызсу мен газ де жеткізіледі деп жатыр… «Сабақты ине сәтімен» деген, бұл мәселелер де рет-ретімен шешілетініне сенеміз, —  деп лебізін білдірді Шығырлы ауылының тұрғыны Әсел Базарбаева.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Темір ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button