Білім

«Мұғалімнің» египеттік табысы

Жуырда «Мұғалім» мектебінде білім алатын бір топ оқушы Египеттің Кургада қаласында өткен халықаралық өнер жарысынан жүлдемен оралды.

Халықаралық жарысқа әлемнің әр түкпірінен өнерлі балдырғандар жиналды. «Мұғалім» мектебінен барған төрт оқушы әр түрлі салада бақтарын сынады. Олардың ішінде  қазақтың қолданбалы өнерін көрсеткен Айнұр Маханова бірінші орын алды.

Жарысқа ұлттық киімдер,  ою-өрнектелген көрпелер, өзге де түрлі бұйымдар алып бардым. Ұйымдастырушылар мен апарған бұйымдарға қатты қызығып, Ақтөбенің суреттерін сұрады. Фестиваль өте қызықты өтті.  Сапар барысында әлемнің жеті кереметінің бірі Пирамиданы тамашалап, Ніл өзеніне суға түстік, – деді Айнұр.

Ал осы мектепте төрт жылдан бері білім алатын Ирина Соколова вокаль жанры бойынша бірінші орын алса, Алтын Доспай екінші орынға қол жеткізген.

Немеремнің осы білім ордасына келіп жүргеніне бір жыл болды. Бұл – алғашқы жеңісі. Алдағы  уақытта Алтынымның әлі де биіктерден көрінеріне сенемін. Осындай өнерге баулыған ұстаздарына рахмет айтамын, – деді Айнұрдың әжесі Зинаида Ещанова.

Ал осы жанрда өнер көрсеткен Аружан Төреханова да марапатқа ие болды.

Ақтөбелік оқушылардың өнеріне тәнті болған египеттіктер балдырғандарға ерекше ықылас танытып,  аталған білім ордасына «Алтын белгі» табыс етіпті. Ал мектеп директоры Юлия Савченко бұл балдырғандардың алғашқы жеңісі емес екенін, бұдан бұрын Ұлыбритания, Тунис, Испания елдерінде өткен халықаралық жарыстарда жүлдемен оралып жүргенін айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button