Денсаулық

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

08.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 9 жағдай тіркелді. Оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, ал 6-ы – симптомсыз ауру.

Олардың барлығы да Қарғалы ауданынан. 2 науқас – КВИ ауру белгілерімен ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде, ауру адаммен қарым-қатынаста болған 7 адам–профилактикалық мақсатта тексерілу барысында қауіпті індет анықталған. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3368 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1648) және 51%-ы симптомсыз (1720) жағдай. 3252 (96,5%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 2412 жағдай, оның ішінде (1078 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 49 (26), Мәртөк – 64 (32), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 113(61), Шалқар ауданы – 108 (62).

Жалпы тіркелген 3368 науқастың 2,8% (98) сырттан әкелінген, 13,4% (461) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,5% (2809) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (962) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 336 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button