Денсаулық

Балаларды салауаттылыққа баулимыз…

Қаламыздағы №34 «Таңшолпан» балабақшасында «Салауатты өмір сүрсең, қызғалдақтай өсерсің» атты акция өтті. Ондағы мақсат, салауаттылықты балалардың бойына  жастайынан қалыптастырып, денсаулыққа мән беруге дағдыландыру.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары бұл кешті қызықты етіп өткізді. Орталықтың дәрігері Жанна Сатқұлова мен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің маманы Ғазиза Алматова  бүлдіршіндерге жеке бас және қоғамдық гигиенаны  сақтау мен дене шынықтыру жаттығуларының маңызы жөнінде мәліметтер берді.

Аталған балабақшада заманауи техникамен жабдықталған дәрігерлік орталық жұмыс жасайды. Мұнда егу, тіс емдеу, массаж, ултракүлгінмен емдеу кабинеттері бар. Бүлдіршіндердің қосымша ем қабылдауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Акция аясында балаларға нүктелі массаж, салқын суды пайдалану тәсілдері, түрлі сауықтыру, шынықтыру шаралары көрсетілді. Тұмау ауруының алдын алу әдістері жайында да сөз болды.

Кішкентай бүлдіршіндер де  қарап қалмады. Ертегі кейіпкерлерінің бейнесінде қойылымдар көрсетті. Балабақша әдіскері Гүлдана Дәуіттің ұйымдастырумен өткен шара барлығының көңілінен шықты.

Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ,

облыстық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығының

баспасөз маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button