Білім

1654 компьютер үлестірілді

Қашықтан оқыту

Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектепте облыстық білім басқармасы қашықтан оқытуды оңтайлы ұйымдастыру үшін қажетті компьютерлік техникаларды қабылдау және тарату шарасын ұйымдастырды.

Кеше Ақтөбе қаласына компьютерлердің кезекті партиясы келді. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа алынған 1654 компьютер Ақтөбе қаласының қалған мұқтаж мектептеріне және облыстық арнайы түзетім мектептеріне, атап айтсақ, облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы түзетім мектеп-бақшасы, №7 арнайы (түзетім) мектебі, Жайсаң арнайы білім беру ұйымына таратылды. Компьютерлер қашықтан оқытуға қажетті барлық құралдармен: бейнекамерамен, микрофонмен, Wi-Fi-мен жабдықталған.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың айтуынша, мектеп компьютерлік техниканы оқушыларға уақытша пайдалануға береді. «Бірінші кезекте жетім балалар, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ компьютерлік техникаға мұқтаж оқушылар қамтамасыз етіледі», — дейді ол.

Бұл процестің ашықтығын «Adaldyq alańy» облыстық жобалық кеңсесінің өкілдері мен жобалық кеңсенің сарапшылары, облыстық білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Ақтөбе облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері және қамқоршылық кеңестің мүшелері кіретін арнайы жұмыс комиссиясы қамтамасыз ететін болады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button