Пікір

Келешек — кемел білімде

Айзада СЕЙТПАНОВА,

Әйтеке би аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.

Мектептің жүрегі  — мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі — педагог мәртебесін көтеру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын оқып, осы бағытта жақсы бастамалардың көтерілгенін білдім.  Жалпы Президент білім саласындағы мәселелерге кеңінен тоқталыпты. Қандай жағдай болмасын балалардың  сапалы білім алу  керектігін айтыпты. Қазір пандемияға байланысты барлық мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшіп отыр. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшу үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет деп ойлаймын. Осы ретте мұғалімге қойылар талап жоғары болмақ.  ХХІ ғасырдың мұғалімдері заман талабына сай жаңа әдіс- тәсілдерді игеруі керек.

Президент Жолдауы ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайта түседі. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда күш-жігерімізді аямай жұмыс жасауымыз керек.

Ауылды қолдау — өркендеу кепілі

Бүгінгі күні бизнеске, соның ішінде ауыл кәсіпкерлеріне қолдау ауадай қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында осы саладағы мәселелерге ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы: «Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру керек», — деп атап өтті. Аталған ұйым азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарды жетілдіреді деп күтеміз. Рас, біздің адал еңбекпен өсірген малымыз бен өніміміз арзан бағаланып жүр. Еңбегіміздің қызығын көп жағдайда алыпсатарлардың көріп жатқаны жасырын емес. Мемлекет басшысы Үкіметке субсидия мен салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы үшін басты ресурс — жер. Ата-бабамыздан мирас жерді мақсатты игеру — ұрпақ алдындағы міндетіміз. Жердің шетелдіктерге сатылмайтынын Президент тағы да еске салды.

Әлемді дүрліктірген пандемия кезіндегі шектеу шаралары ұсақ кәсіпкерлерді тұралатып кетті. Оның үстіне кәсіпкерлерге әртүрлі тексерістердің де кедергі келтіретіні белгілі. Осы мәселелерді қатаң бақылауға алу тапсырылып отыр.

Сондай-ақ Жолдауда аграрлық секторды дәстүрлі қолдаумен қатар, ауыл шаруашылығы өнім­дерін тереңдетіп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуға назар аудару қажеттігі айтылды. Бұл бастама ауыл өміріне үлкен серпіліс әкеледі деп үміттенеміз.

Әділбек РАҚЫМ,

«Рақым» шарауа қожалығының төрағасы,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button