Экономика

Кәсіпкерлерге  көмек

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары

ҚЫЗМЕТ  КӨРСЕТУШІ

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өтініштерді қабылдау мен  дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы

ҚЫЗМЕТ  КӨРСЕТУ  ТӘРТІБІ

Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру, есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама және  мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы белгіленген тәртіппен бюджетке  төленетін мемлекеттік баж төлемі  — Мемлекеттік баждар мен алымдардың мөлшері:
1) машинаға тіркеу құжатын беру үшін — 0,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі — АЕК);
2) машинаға нөмірлік белгі беру үшін — 1 АЕК;
3) тіркеу (қайта тіркеу) үшін — 0,25 АЕК.
Порталда мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеу «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі — ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) порталар қылы — 1 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы — 3 жұмыс күні.

ҚАЖЕТТІ   ҚҰЖАТТАР

Сіздердің назарларыңызға «Тракторлар мен өздігінен жүретін шасси мен механизмдерді, оларға тіркемелер мен олардың негізінде жасалған, оның ішінде тіркелген арнайы техникасы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, арнайы  машиналарын мемлекеттік тіркеуге» онлайн-өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты ұсынамыз. 1-қадам. Сіз порталға тіркелуіңіз керек, егер сіз тіркелген болсаңыз, ұсынылған нұсқалардың бірін таңдап, ЭСҚ кілті арқылы кіруіңіз керек. 2-қадам. Электрондық үкімет порталының басты бетіне өтіп, «Ауыл шаруашылығы» қойындысына өтіңіз. 3-қадам. «Тракторлар мен өздігінен жүретін шасси мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелер мен олардың негізінде жасалған, оның ішінде орнатылған арнайы жабдықтары бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, арнайы жолсыздық машиналарын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» қызметін таңдаңыз. 4-қадам. Жоғарғы сол жақтағы қызмет көрсету парағында «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. 5-қадам. Пайда болған сауалнамада барлық қажетті өрістерді толтырыңыз: аймақ индексі, байланыс телефондары, төменгі бұрыштағы «келесі» батырмасын басыңыз. 6-қадам. Пайда болған нысанда техниканың мәліметтерін толтырыңыз: жабдық түрі, маркасы, сериялық нөмірлері, «келесі» батырмасын басыңыз. 7-қадам. Пайда болған нысанда сканерленген құжаттарды стандартқа сәйкес тіркеңіз: «Сатып алу келісімшарты, техниканың техникалық паспорты, мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек, жүк кедендік декларациясы, шетелден әкелінген жабдыққа декларация, жаңа жабдыққа сәйкестік сертификаты, жабдықтың фотоматериалдары», «келесі» батырмасын басыңыз. 8-қадам. Пайда болған нысанда мемлекеттік бажды төлеу туралы деректерді толтырыңыз, «келесі» батырмасын басыңыз. 9-қадам. Әрі қарай қызметке қол қою терезесі пайда болады. Қызметке ЭСҚ кілтімен қол қою керек. Бұнымен өтінім беру аяқталды.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ МЕКЕНЖАЙЫ  

«Ақтөбе қаласы  ауылшаруашылық бөлімі» ММ, Ақтөбе қаласы  Алтынсарин көшесі, 2-үй

18-бөлме, телефон: 41-70-66, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс уақыты: 9.00-18.00, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button