Абай — 175

«Абай жолының» 5-видеосаммариі жарық көрді

Жуырда Massaget.kz жастар порталы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы видеосаммариінің 5-тарауын ұсынды.

Doodle анимациялы видеосаммари ұлы Абайдың 175 жылдығына орай қолға алынған. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көрді. Бұған дейін эпопеяның І томының 4 тарауы жарық көрген болатын: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» және «Шытырманда».

Бұл жолы жастар порталы I томдағы «Бел-белесте» тарауын ұсынып отыр. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Әр видеосаммаридің ұзақтығы – 12-15 минут.

Айта кету керек, эпопеяның әр тарауына жасалған видеосаммари Massaget TV YouTube-арнасында жарияланып тұрады. Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде оқырманға ұсыну.

Интернет материалдары бойынша әзірлеген Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button