Пікір

Көкейге ой салды, жігер берді

Жолдау

Шаттық Ғанибекқызы,

«Болашақ» еріктілер тобының жетекшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттар мен маңызды мәселелер, игілікті бастамалар аудан жастарының көңілінен шықты.

Елімізді бәсекеге қабілетті, қай салада болса да озық дамыған елдердің санатына қосуды мақсат еткен Президентіміз бұл жолы да халыққа арнаған Жолдауында жаңа реформалар мен жобаларын ұсынды. Атап айтсақ, экономиканы дамыту, жастарды қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, отбасылық-демографиялық жағдайды көтеру, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, ауыл әкімдерін сайлау, т.б. мәселелерге жеке-жеке тоқталып, алдағы уақытта жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.

Биылғы Жолдау жастардың көкейіне ой салып, алдағы күндерде мақсатты түрде жұмыс жасап, еңбек етуге талпындырды, жігер берді.

Біз, аудандағы ерікті жастар, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған маңызды жоспарларды іске асыруда, ауданның дамып, өркендеуіне бар күш-жігерімізді жұмсап, өз үлесімізді қосатын боламыз.

 Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button