Білім

Студенттер құрылғы жасап шығарды

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, қаладағы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің кейбір топтары да жаңа оқу жылын дәстүрлі түрде бастады. Барлығы 1739 студенттен тұратын 72 топтың 60-ы биылғы оқу жылын қашықтан бастаса, 7 топ офлайн форматта, яғни дәстүрлі түрде сабаққа қатысып жүр.

Ал қалған 5 топтың студенттері өндірістік практикадан өтіп жатыр.

Қашықтан оқыту процесі MOODLE порталы арқылы  жүзеге асырылуда. Мұнда студенттер теориялық біліммен қатар практикалық тұрғыдан да жетіле алады. Биылғы оқу жылын қашықтан бірінші және екінші курс студенттері оқып жатыр. Ал үшінші курс студенттері сабаққа дәстүрлі түрде қатысып жүр. Оқу ғимаратында барлық санитарлық талаптар сақталған. 1 студентке 1 партадан келеді. Студенттермен қатар, оқытушылардың да оқу ғимаратына кірер алдында қызуы міндетті түрде тексеріледі. Тағы бір айта кететін жаңалығымыз, колледж бен оның жатақханасының кіреберісіне зазалсыздандыру құрылғысы орнатылды. Бұл құрылғыны оқу ғимаратының шеберханасында өзіміздің студенттер құрастырып шығарған болатын, — дейді колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Жұмағазина.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button