Жаңалықтар

Жол бойындағы қызмет

Акция

Облыста «Жолда қабылдау» акциясы жүзеге асырылып жатыр.

Аймақ көлемінде өткізіліп жатқан «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында Хромтау ауданы  полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қанат Нысанов, аудандық әскери полиция бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Данияр Әзембайұлы жəне полиция капитаны Ардақ Баймағамбетов жол бойында азаматтарды қабылдады.

Акция аясында азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көпшілік жүргізушілерді Армения елінде есепке алынған автокөліктерін тіркеу мəселесі алаңдатты. Мамандар бұл сауалға нақты жауап беріп, жүргізушілерге кеңес берді.

Шара халықтың  полиция қызметкерлеріне деген сенімін арттыру жəне мемлекеттік қызмет көрсету  саласы заңдылығын, қоғамдық тəртіпті жəне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Ләззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button