Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды.

Оңдасын Оразалин аймақты дамыту жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батыс өңірді толықтай азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігін пайдалана отырып, мал азығын дайындауды арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу көзделген. Облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтіп, аймаққа инвестиция тарту жоспарымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, оны ретімен шешуді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

akorda.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button