Денсаулық

Бір мезгіл өзіңді ойла, әйел заты!

Тегінде  қырық жаны бар әйел заты — өте ұмытшақ халық. Ананың өмірінің қоғам үшін қымбат екенін айтудай-ақ айтып жатамыз, бауыр еті баласы үшін де, елі үшін де, ері үшін де жауапты  екенін естеріне салып қоямыз. Бәрібір жеме-жемге келгенде өздері туралы ойлауды ұмытып кетеді. Әйтпесе ана мен бала өлімінің көбейіп тұрғаны, қатерлі ісік ауруының қаупі туралы ести тұра, жылына бір-екі рет  учаскелік гинекологтың қабылдауына барып, тегін тексерілуге  енжарлық танытпас еді. Скрининг бойынша  маммографияға ақысыз түсуге де құлықсыз.  Ал бұл шараның жатыр мойны рагі мен емшек безі обырының алдын алуда пайдасының зор екенін біреуі білсе, біреуі білмейді. Аурудың алдын алу туралы БАҚ арқылы қаншама үгіт-насихат  жұмыстары жүргізіліп жатса да селт етпейді.   Дәрігерге аяғы ауырлағаннан кейін барып жүгінеді. Жас қыздар жөргегінен қағынып, жасанды түсікке үйір болып жүр. Осының бәрі қыз-келіншектердің өз денсаулығына қалай қарайтындығын көрсетсе керек. Осы мәселе жайында  Адам репродукциясы мен отбасын жоспарлау  орталығының маман-дәрігерлері өз пікірлерін ортаға салады.

Жатыр  мойны жарасына жеңіл қарамайық

Гүлнәр ТҰРЫМБЕТОВА, акушер-гинеколог:

— Әйелдер өзара сөйлесіп отырғанда «эрозиям бар еді» деген әңгімені жиі естиміз. Оған онша мән бермейтіндер де табылады. Бұл қауіпті дерт пе?

— Жатыр мойны  эрозиясы екі әйелдің бірінде кездеседі.  Жыл басынан бері  жатыр мойны аурулары кабинетінен    5 мыңдай әйел тексерілуден өтті.  Соның бір жарым мыңында осы ауру табылды. Жатыр мойнына қатысты эрозия ғана емес, эндоцервицит, диспозия деген аурулар да бар, дер кезінде емделмесе, асқынса, мұның бәрі қатерлі ісікке ұласады. Сондықтан оларды қатерлі ісік алдындағы аурулар деп атайды. Оған немқұрайды қарауға болмайды. Қорқып-үркудің де қажеті шамалы. Дәрігерге әйелдер дер кезінде көрінсе, жатыр мойнындағы жараны емдеп жазуға мүмкіндік бар.  Кішігірім ота жасауға тура келетін түрлері де бар. Жатыр мойнындағы аурулар түрлі инфекциялардың әсерінен пайда болады. Жұқпалы аурулардан сақтану керек. Кейбір әйелдер өз бетінше емделмек болады, оның соңы үлкен қателікке  соқтыруы мүмкін. Кез келген сырқат міндетті түрде маманға қаралып, нақты ем алуды қажет етеді.

Мысалы, жатыр мойнында кездесетін диспозия деген ауруды көзбен көріп айта алмайсың, оны тек қатерлі ісікке  сараптама жүргізу арқылы ғана анықтауға болады, ол аурудың жай, орташа, ауыр түрі болады, –  дейді акушер гинеколог

«Бәріне кінәлі — салғырттық»

Найля  Закиржанова, бас дәрігердің міндетін атқарушы:

— Қазір әйелдердің денсаулығы қандай деңгейде? Бала тууға қабілетті  әйелдерге қатысты нендей мәселелер бар?

—  Республика бойынша әйелдер денсаулығының индексі төмен. Қыз баланың болашақ ана екенін бір сәт есімізден шығармауымыз қажет.  Егер қыз баланың бойында әлдеқандай ауру болса, оны жасынан дәрігерге қаратып, емдету керек. Оларды жасынан ана болуға дайындау қажет. Жұқпалы аурулардан аман, тіпті тісінің өзі сау болуы қажет. Мысалы, кей келіншектер бала көтере алмай қиналады, оның себебі әріде,  бала күнінде жатыр. Қазіргі аяғы ауыр кез келген әйелдің денсаулығы шамалы, түрлі аурулары бар. Бала тууға денсаулығым  жарай ма, жарамай ма демейді. Алдын ала  дәрігерлік тексеруден өтіп барып,   бала тууды  жоспарлаудың орнына, керісінше жасайды. Бойында түрлі созылмалы сырқаттары бар екенін білсе де, жүктіліктен сақтанбайды. Олардың немен ауыратыны аяқтары ауырлағанда барып анықталады, бұл тым кеш болады.  Қалқанша безі сырқатынан зардап шегетін әйелдің жүкті болғанына 10 апта болған,  өміріне аса қауіпті, енді амал жоқ, баласын алдырып тастауы керек.

— Оған сәбилі болам деп жүрген келіншек  келісім бере ме?

— Келісім бермей қайтеді, дәрігерлер оның салдары қалай болатынына көзін жеткізеді, мүгедек болып қалғысы келмесе, келіседі.

Жақында қан қысымы 260-қа көтеріліп кеткен екіқабат әйелдің де жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болдық. Онсыз да шизофрениямен ауыратын 13 жастағы баласы бар. Жалпы, қазір ауру балалар көп, осының көбі сырқаты бар анадан туғандықтан екенін  түсінуіміз керек.

— Бүгінде жатыр миомасы, кистасы  деген сөздерге құлақ үйреніп кетті, бұлар ненің салдарынан туындайды?

Миома мен киста деген аурулар  жиі кездеседі.  Мұның бәрі жасанды түсіктің салдары.  Тағы да айтамын, қыз-келіншектер, тіпті ересек әйелдердің өзі сақтанбай жүріп жүкті болып қалса, өздерінің жобаларына соқпаса,   алды-артын ойлап жатпастан  жасанды түсік жасата береді. Әйелдердің өз денсаулығына деген жауапкершілігінің аздығын осыдан-ақ көруге болады, жасанды түсіктің зардабын олар білмейді емес, біледі, бірақ оны өздеріне қатысты мәселе деп есептемейді. Бүгінде жүктіліктен сақтанудың түрлі жолдары бар, уақтылы сақтанса, денсаулығына нұқсан келмес еді. Жатырдың қабынуы, миома, кистаның пайда болуы сияқты ауруларға ұшырамас еді. Бұл аурулар қазір «жасарып» барады, бұрын қырық жастағыларда жиі ұшырасушы  еді.  Қазір жас әйелдерде жиі кездесуде. Жасанды түсікті жас  қыздар да көп жасатады. Бұл да аналардың кемшілігі, жасөспірім қыз баланың   денсаулығын, тәртібін қадағаламаса, ақыл-кеңес беріп отырмаса, олар әлі бала, не түсініп жатыр дейсіз.

Аборттың салдарынан  жатырдың, сүт бездерінің қатерлі ісіктері сияқты аурулар бел алады. Мұның бәрі жүктілікті ортасынан үзіп тастағаннан кейін, ағзаның  гармональді өзгерістерге ұшырауынан туындайды.

— Қазіргі әйелдердің көзі ашық, мұндайға жол берулеріне не себеп?

— Себебі – біреу. Салғырттық. Әйелдердің санасы жоғары болса, өз денсаулығына неге сонша мән бермейді? Кішкене қауіп ойлап қойса жетіп жатыр.  Әйел денсаулығының 30 пайызына дәрігерлер ықпал ете алса, қалғаны   олардың өз қолында. Арнайы дәрігер маманға уақтылы қаралып тұруға аса  құлықты емес. Миома, киста, мастопатия сияқты аурулар  деген әйел өміріне шығарылып қойған үкім емес, дәрігер бақылауында болып, қатерлі ісікке ұласпауы үшін емделсе болды. Бәрінің де емі бар. Жалпы, гинеколог дәрігерлер алдына келген әйелдердің бәріне бірдей айтып түсіндіреді, сақтандырады. Біздің дәрігерлер мектептерге, колледждерге, жоғары оқу орындарына барып дәрістер оқиды, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Бұл мәселені тек дәрігерлер шеше алмайды, көпшілік бірігіп әйел денсаулығын қорғауға атсалысуы тиіс  деп ойлаймын. БАҚ-тарда көбірек айтылуы тиіс.

… Қылығы түзде

Алтын Есіркепова,Жасөспірім қыздар гинекологі

«Сіздерден көмек сұрап келетін қыз балаларды көбіне не мазалайды?» деген сауалымызға былай жауап берді:

Бізге 18 жасқа дейінгі  бойжетіп келе жатқан қыздар келеді. Жасөспірім қыздар  етеккірі уақтылы келмеген жағдайда немесе  бұл цикл кезінде ауырып қиналатын  болса,  онысы 7 күннен артық жүрсе, қыз балалар кейде өздері, кейде аналарымен бірге көмек сұрап,  біздің қабылдауымызға келеді. Кейде жас қыздар арықтаймыз деп тамақты  дұрыс ішпей, денсаулығына зиян шектіреді. Мұндайда етеккірі тоқтап қалуы  не   2-6 айда бір соғатын болуы мүмкін. Бұл да қыз баланың болашағына қатер туғызады. Осындай себептермен де жиі келеді.  13-15 жастағы қыздардың  омырауы дамымай қалса, етеккірі мүлде келмесе, ол да қауіпті. Мектепте жыл  сайын  9-10-11 сынып оқитын қыз   балалар  медициналық тексеруден өткізіліп тұрады. Әлгіндей шағымдары болса, біздің орталыққа жібереді. Ауру  бастапқы кезінде қолға алынса, емге көнеді. Болашақта ана болу бақытынан айырылмас үшін қыз баланың денсаулығына  аса мән беруіміз керек. Ал жас кезінде осындай кемшіліктеріне көз жұма қараса, болашақта орны толмас өкінішке әкеп соғуы кәдік.

364 әйел қауіпке бас тігіп отыр…

Ұрықты іштен қорғау кабинетінің  акушер-гинекологі Гүлнәр Жанбосынова   өздері жүргізіп отырған жұмыстарынан қысқаша мәлімет  берді:

— Біздің кабинетке 12 ауданнан келетін жүкті әйелдер қаралады. Әріптесім Күләнда Құлмағамбетова екеуміз қабылдаймыз. Әрине,  кез келген әйелдің бала сүйгісі келеді, ана бақытын аңсайды. Бірақ  денсаулығының нашарлығына қарамай, бала көтерген  әйелдер баршылық.   Тәуекел тобында  364 әйел есепте тұр. Олардың ішінде жасы он сегізге толмаған тұмса келіншектер де бар,  1993-1994 жылы дүниеге келгендер,  олардың саны — 31. Қан қысымы жоғары, қалқанша безі ауруларымен ауыратын, жүрегі, бүйрегі сау емес, қаны аз әйелдер өздерінің басын қауіп-қатерге тігеді. Дәрігерлік комиссияның   шешімімен кейде жүктілікті тоқтатуға тура келеді. Ондай жағдайлар аз кездесіп жатқан жоқ.

P.S.

Бұл мәселеге  тек дәрігерлер ғана бас ауыртуға тиіс емес.  Ана мен бала денсаулығы  — ұлттық мәселе.  Ұлтының саулығын , ұрпағының амандығын ойлаған кез келген адам, бүкіл қоғам болып әйелдердің өз өміріне  салғырт қарауынан туындап жатқан кесір-кесапатпен күресуі тиіс. Әйелсіз отбасында  береке бола ма?! Қыз-келіншектердің өз денсаулығына бас ауыртпайтыны несі? Медицина дамыған заманда өздерін өздері тығырыққа тіреуге неге құштар?! Ең сорақысы — болашақ ұрпақтың анасының тағдырына балта шабылуда,  жасанды түсік жасатып не жеңіл жүріске түсіп кеткен қызғалдақтай қыздардың  тағдыры бізді  неге алаңдатпайды?

Ауру анадан дені дұрыс бала тумайды.  Бұл дегеніңіз, өзі азғантай қазақ әрі қарай азайып қана қоймай, дімкәс ұлтқа айналады деген сөз. Ендеше, ең алдымен ананың денсаулығын дұрыстау крек. Ал, ол  көбіне әйелдің өз қолында!

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

18 Comments

  1. мен 21 жастамын. Менде киста бар дейді дәрігер. ол қалайша пайда болады дегенге сіздер жасанды түсіктен депсіздер, бірақ мен жүкті болмақ түгілі еш жыныстық қатынаста болмағанмын. Сонда маған бұл неден пайда болғанын межелеп бере аласыздар ма? мен қандай шара қолдануым керек? көмек ете аласыз ба? Тағы бұның зияны қандай? Жауап күтемін.

  2. менін аяғым ауыр узи ге тускенде сенде киста бар екен деп айтты. менде токсикоз қатты болды, кейін ауылға барып емшілерге бардым ол тоскикозды қарай алмайтынын кистаны жоғалта алатынын айтты мен оған үш күн бардым, кейін алматыға келіп узи ге түстім сонда шынымен кистаның жоғалғанын айтты. енді менде киста тағы пайда болуы мүмкін бе?

  3. Меним жасым 18 де 1 бала тапкан сон маткам эрозияга ушырады.диагноз койылгплы жарты жыл отти.казир катты кышиды.куйдыруге коркып журмин.сурагым:куидырген жагдайда катты ауырама?куйдырып емдеген дурыспа

  4. «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан «Дауа» телеемханасын көріңіздер! Жүргізушісі – гинеколог. Және де бұл бағдарламада өзге де өте маңызды тақырыптар козғалады. Сұрақтарыңызды daua-tv@mail.ru жазып қойсаңыздар болады! Интернеттен де көруге болады…

  5. менин аягым ауыр 18жастамын 19неделя бирак бугин Узига тускем сосн маган баланда киста бар деди ол неушин қайдан пайда болады меники биринши балам мени гинетикага жиберди енді не истесем болады? ?

  6. Салеметсиздер ме! Мен пикирлерди окый отырып Cirl сенен сурайын деп едим менде де дал сендегидей жагдай не истесем болады? Сеники жазылды ма?отиниш жауап берши

  7. Мени машина какканда узиге тусиргенде киста бар деди одан бери бир жылдай отти коркамын баруга бурындары бала алдырып кормегем биракта котере алмай журмин нестесем болады алдырткан сон котеруим мумкин ба

  8. Саламатсызба!!мен мына айел адамдар оз пикирлерин жазып жатыр сиздин басындагы ангеменизге косыламын биз кашанда уйдин даланын тирлиги битпей сонынмен алан болып журеберемиз. Мен 2008ж куз Айында Валиханов кошесинде орналаскан»Доверия»га барганмын и сол 2ши кабатында Бибигул деген апай отыратын,соган барып,бурынгы советский ирек спералымды алдырганмын 10жыл дегенимде содан маткан 1кун дес алсын турецкий сперал койп берем деген иа жаксы жарайды деп ертесине барсам. Маган сосын турецкий сперал койдым. Деген болатын бир куни уакыт отип 1ай шамасында журек котерилип, автобуста басым айналып адамдардан уялганымнан тусип калганмын, сосын кой коринейн деп барсам ишимдеги бала 7апталык болган екен,содан тусам туып алайн кюеуим барго деп жургенимде.сол семья шаруам келиспей,журген мыкты переживать еттим, сосын кан кетип,озинен ози тусип,калды. Сосын жаз куни кун ысстык содан речкага барп суга тустим.енди бала котерейн десем,котере алмаймын,емделейин десем акшам жоок,тегин карайтын укимет тарапынан емделуге болама сонын жауабын беринизши отинем!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button