Әлеумет

Кеңес тұтынушылар құқығын қорғайды

Осыдан бірер ай бұрын, яғни 2020 жылдың 25 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Аталған маңызды құжатта ҚР Үкіметі жанынан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес енгізу және құру қарастырылған еді.

Бұл кеңестің құрылуы жалпы тұтынушыларға несімен пайдалы, көпшілік үшін қандай көмек-қолдауы тиеді? Біз осы сауалды Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашевқа қойғанбыз.

— Аталған Заңға сәйкес ҚР Үкіметі жанынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құрылатын ведомствоаралық кеңес  консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Оның мақсаты тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету, сонымен қатар аталған бағытта ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады,— деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, ведомствоаралық кеңестің құрылуы қазіргі таңда өзекті әлеуметтік мәселе болып отыр. Себебі еліміздің барлық тұрғындары тұтынушы болып табылатыны және осы бағытта шешімін табуды қажет ететін күрделі мәселелер бары белгілі. Заң қабылданғанға  дейін  тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі барлық мемлекеттік органдар мен  бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерімен қамтылды.

Алайда олардың арасындағы өзара әрекеттесуінің, қатысушы тараптардың рөлі мен мәртебелерін нақты реттеудің болмауы тұрғындардың құқығының сапалы қорғалу деңгейін қамтамасыз етпей отырғандығына әсер еткен. Осы ретте, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нақты айтар болсақ, ведомствоаралық кеңес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық актілерді жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ осы ауқымда тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде олардың қоғамдық бақылау жүргізуді, тұтынушылық даулардың сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қызметтерін және тұтынушылардың заңды мүдделерінің өкілдігі қызметтерін және өзге де міндеттерді жетілдіруді қамтиды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес құрамына ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Қорғаныс министрлігінен басқа барлық министрліктің вице-министрлері,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының орынбасары  мен ҚР Жоғарғы соттың өкілдігі келісім бойынша бекітілетін болады.

Әр саладағы мемлекеттік саясатты жүргізетін мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде тұтынушылар құқықтарының қорғалуы бағытында мемлекеттік саясатты қолданымдағы заңнамалық талаптардың сақталуымен жүргізуі тиіс. Ал облыс деңгейінде жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік департаменттер  өз салаларында құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында шараларды жүзеге асырады.

Биылғы жылдың басында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Ақтөбеде  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі салааралық жұмыс тобы» құрылды. Оның құрамына  мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, облыстың кәсіпкерлік палатасы, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік аумақтық бөлімінің директоры және «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы АҚ төрағасы келісім бойынша енгізілді. Заңнамалық талаптарға жаңа енгізулерге сәйкес, алдағы уақытта жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізілетіні күтілуде.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button