Ауыл

Жұрынның  жолдары жөнделіп жатыр

Жұрын ауылында үш көшенің жолы жөнделіп жатыр. Сондай-ақ осы ауылдағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектепте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қойшекеновтің айтуынша, Жұрын ауылында ұзындығы 800 метр Желтоқсан, 1 километр 700 метрлік Батпенов, 1 километрлік Бөкенбаев көшелері асфальттанатын болды. Жолдарды «ГОАР», «Пегас мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестері жөндеп жатыр. Жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын жергілікті қоғамдастықтың мүшелері, ауылдық округ əкімі, мердігерлер бірлесіп қадағалайтын болады.

Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы орта мектепке 498,8 тонна көмір түсіріліп, «КВУ-3» деп аталатын екі жылу қазандығы орнатылды. Ал мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 21 адам тартылған. Оның 14-і — жұрындықтар. Жөндеу жұмыстары тамыз айының аяғында толық аяқталады деп күтілуде. Жаңа оқу жылында Қ.Жұбанов атындағы орта мектепте 260 оқушы білім алатын болады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button