Басты жаңалықтар

Облыс әкімі болашақ сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

ҚР Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінде әскерге шақырылған ақтөбелік азаматтарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орайластырылған.

Өңір басшысы Асхат Шахаров жастарды өмірлеріндегі жауапты және маңызды кезеңмен құттықтап, сәт-сапар тіледі.
«Бүгін міне Сіздер, әрбір азаматтың борышына айналған Отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау үшін әскерге аттанып барасыздар. Әскерде жүріп, күш-жігерді бойларыңызға сіңіріп, батыл әрішыдамды болуға үйренесіздер, Отанға адалқызмет ету деген ұғымды өзгелерге үлгіетесіздер. Отан алдындағы қасиеттіборыштарыңызды үздік, абыроймен атқарып, әскери анттарыңызға адал болыңыздар», – деп атап өтті облыс әкімі.

40 жас Отан алдындағы борышын өтеу үшін Семейдегі №30127 әскери бөліміне аттанды. Бұл азаматтар әскерге аттанардан бұрын медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден және кәсіби іріктеуден өткен. Аталған іс-шараға болашақ сарбаздарды ата-аналары, достары мен жақындары шығарып салуға келген.
«Біз сіздердің әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз. Әскерге бару – жауапты қадам. Қызмет қызықты болсын, елге, үйге қайсаразамат болып,  аман-есен оралыңыздар», – деді Эльмира Құлманова.

Сонымен қатар, салтанатты шарадан соң, «Ашық есік күні» шарасы өтіп, заманауи әскери техника мен қару-жарақ көрмесі мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілеріне таныстырылды.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button