Денсаулық

Қоғам өкілдерінің облыс тұрғындарына Үндеуі

Құрметті ақтөбеліктер!

Облыстағы, сондай-ақ бүкіл елдегі эпидемиологиялық ахуал қиын жағдайда тұрғаны бәрімізге белгілі. Көпшілігіміз карантин шараларының жойылуын қалыпты өмірге оралу деп қабылдап, той-томалақ жасап, қарапайым санитарлық ережелерді сақтауды доғардық. Нәтижесінде қазір көптеген адамдар дәрі-дәрмек пен ем іздеу жолында дәріхана, емхана есіктерінің алдында табан тоздыруда. Егер біз санитарлық талаптарды сақтағанда, қазіргі кезде болып жатқан жайттардың алдын алуға болар еді.

Қазір облыстағы денсаулық сақтау жүйесіне ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты үлкен қиындық түсуде. Біз дәрігерлер мен медбикелерге жанқиярлық жұмыстары үшін, ақтөбеліктердің денсаулығы мен өмірі үшін күндіз-түні күресіп жүргендері үшін алғыс айтамыз.

Өкінішке қарай, дәрігерлер кейбір жерлестерімізге араша бола алмады. Олардың отбасы мен достарына көңіл айтамыз.

Қымбатты жерлестер!

Біз індет жұқтырушылар қатарының одан әрі көбеюіне жол бермеуіміз қажет.

Жауапкершілікті билікке, санитарлық дәрігерлерге, медицина қызметкерлеріне артудың қажеті жоқ. Мұның бәрі қолымызда және тек өзімізге байланысты!

Біріншіден, бір-бірімізге індет жұқтырмау үшін кез келген іс-шараларды (үйлену, еске алу, мерейтойлар, туған күндер, түлектер басқосуы және т.б.) өткізуден және қатысудан бас тартуымыз керек.

Екіншіден, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауымыз керек.

Үшіншіден, жасы 65-тен асқан азаматтар мен қарияларға айтарымыз, денсаулығыңызды сақтаңыз, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға тырысыңыз, балаларыңыз бен немерелеріңізді дәрігердің барлық кеңестерін орындауға шақырыңыз.

Тек осылай ғана індеттің алдын алуға қарсы тұра аламыз. Айналаңыздағы адамдарға қамқор болыңыз. Жақындарымызға жанашыр болайық!

Кеңес Бірманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Амангелді Айталы, философия ғылымдарының докторы, профессор;

Мейірхан Ақдәулетұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

«Адырна» журналының бас редакторы;

Алтынбек Әмірғалиев, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы;

Бағлан Баймағамбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы;

Құралай Байменова, «Ақтөбе қаласының сал азаматтарын қорғау

қоры» қоғамдық қорының төрағасы;

Сергей Вишняк, «Динар-электромаш» ЖШС-ның басқарушы директоры,

облыстық мәслихаттың депутаты;

Келдібай Еспағамбетов, «Қазақстан Республикасының бейбітшілік және келісім кеңесі» ҚБ облыстық филиалының төрағасы;

Есімқан Есенбаев, еңбек ардагері, «Ғасыр нұры» қоғамдық қорының директоры;

Алтай Тайжанов, философия ғылымдарының докторы, профессор;

Еркін Құрманбек, ҚР мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы;

Шахбаз Джамалов, «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы;

Константин Цхай, Қазақстан корейлері қауымдастығының облыстық филиалының жетекшісі;

Айгүл Дүйсенова, «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ президенті;

Марат Қойлыбаев, «Ер Бақыт» әскери-патриоттық клубы» қоғамдық ұйымының төрағасы;

Күлшат Масалимова, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы;

Хасан Сагаев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Нұрлан Үдербай, Қазақстан Республикасы «Қызыл Жарты Ай» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button