Ауыл

Жылыжайдың алғашқы өнімі

Бозой ауылдық округі Шалқар ауданының орталығынан шалғай орналасқанымен, көлемі мен халқының тығыздығы жөнінен алдыңғы қатарда тұрған елді мекен. Шаруашылығы мен өндірісі қоса дамып, округ аумағындағы ауылдар өмір көшіне ілесіп, құлашын кең жайып, халық көбейіп, мал басы артып, өсіп келеді.

Бүгінде мұнда шағын кәсіпкерлікке де өріс ашыла бастады. Бозой ауылы кәсіпкерліктің қай түріне де бейім. Округте 50 шаруа қожалығы және 82  кәсіпкерлік нысаны бар.

Солардың ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін өрге домалатып отырғандардың бірі — Бауыржан Даулетияров. Ол бүгінде жылыжай ашып, қысы-жазы көкөніс өсіруді қолға алды. Алдымен «Жұмыспен қамтудың жол қартасы — 2020» бағдарламасы арқылы 3,5 млн теңге алып, үстіне 1,5 млн теңге қосып, жылыжайдың құрылысына кірісті. Үш жыл жасаған жұмысының нәтижесінде биыл алғашқы өнімін ала бастады.

Бұл кәсіп үнемі күтімді қажет етеді. Құмын қопсытып, суарып, қалыпты температураны сақтап отыру қажет. Қазір қызанақ пен қияр өсірудеміз. Бұл саланы алғаш рет қолға алғандықтан біршама қиындықтар кездесіп жатыр. Алдағы уақытта екінші жылыжайымды салып, ісімді кеңейтіп, басқа да көкөністер мен жеміс-жидектер өсіру  жоспарымда бар, — дейді ол.

Сондай-ақ кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзге де кәсіп түрлерін өрлетуді қолға алмақ.

Гүлдана АЛДАНЫШОВА,

Бозой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button