Пікір

Мәдениетке жанашырлық — ұлт болашағына жанашырлық

Тамара ҚАПАЛАҚҚЫЗЫ,

мәдениет саласының ардагері.

Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасы барша отандастарымыз үшін қымбат.

Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласын үлкен қызығушылықпен әрі ризашылықпен оқыдым.

Мен мәдениет саласында 40 жыл бойы үздіксіз еңбек еттім. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңі тарихи оқиғаларға толы болса, соларды насихаттаушылардың бірі едім. Елбасымыздың жаңа мемлекетті қалыптастырудағы,  Қазақстанды әлемге танытудағы орасан еңбегін кейінгі ұрпақ түсініп, бағалауы тиіс. Қиын-қыстау кезде елорданың салынып, бүгінгідей әлем таныған әсем қалаға айналуы, еліміздің шекарасының айқындалуы, төл теңгеміздің айналымға шығуы — мұның бәрі мақтаныш етуге лайық оқиғалар.

Елбасы 2000 жылды Мәдениетті қолдау  жылы ретінде жариялап, осы салада қордаланған көптеген мәселелерді оң шешілуіне жол ашты. Сол жылы мен еңбек ететін кітапхана облыстағы  «Ең үздік кітапхана» атағын алған еді.

2003 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды.

Қазіргі күні жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да бабалардан қалған тарихи мұраны кең зерттеуге және насихаттауға жол ашып отыр. Бүгінгі жастар, болашақ ұрпақ бұл істердің жемісін, игілігін көретініне сенімдімін.

Мәдениетке деген жанашырлық — ұлттың болашағына деген жанашырлық. Біз өз рухани құндылықтарын қастерлейтін елде өмір сүріп келеміз. Мұны мақтаныш ету керектігін жастарға әрдайым айтып отырамын.

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button