Жастар

Жастардың жанашырлығы

Жақыныңа жанашыр бол!

Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығы маусым айынан бастап «Жақыныңа жанашыр бол!» акциясын қолға алды.

Қала тұрғындарын адам көп шоғырланатын орындардан шектеу,  бүкіләлемдік коронавирус пандемиясына қарсы шаралармен таныстыру, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға шақыру мақсатында ұйымдастырылған акция барысында тұрғындарға тегін бетперделер мен жадынамалар үлестірілді.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен төтенше жағдай кезінде де түрлі игі шаралар өткізілді. Енді, міне, індеттің өршіп тұрған шағында облыстағы «Жүректен жүрекке», «Ақтөбе қайырымды жандары», «Жас сақшы» және «Қазақстан студенттер альянсы» ұйымының белсенді жастарымен тағы бір акцияны қолға алдық. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жұмыс жасайтын белсенді жастар да акцияға өзіндік үлестерін қосып жатыр. Жастардың бұл бастамасын қолдап, тегін бетперде таратуға демеушілік жасап отырған «ТК Фарм Актобе» компаниясына алғыс білдіреміз, — дейді  облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз хатшысы Динара Абулкаирова.

Айта кетейік, акция әр жұма-сенбі күндері өтеді. Аталмыш шара Ақтөбе қаласынан бөлек Байғанин, Шалқар, Ырғыз, Алға, Темір, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл аудандарында өткізіліп, 100-ге жуық  волонтер 1000-ға тарта бетперде және жадынама қағаздарын таратты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button