Білім

Орта Көрсеткіш — 73,4 Балл

21-22 маусымда Қарғалы ауданы орталығында  мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. ҰБТ-ға 66 бала қатысты, олардың алтауы шекті деңгейден өте алмады. Тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 73,4 болды.

Биыл елдегі жағдайға байланысты ҰБТ ауданда екі кезең бойынша өткізілді. ҰБТ тапсыру орнында балалардың денсаулығын сақтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары күшейтілді. Кіреберісте дезинфекциялық тоннель, санитайзер және кілемше орналастырылды. Балалардың дене қызуы өлшеніп, ҰБТ тапсыру ережелері таныстырылғаннан соң тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексеріліп, балалар ішке кіргізілді.

  • Емтихан тапсыру кезінде комиссия ешқандай заңбұзушылықты анықтаған жоқ. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу процесін Білім және ғылым министрлігі, білім саласындағы бақылау департаменті, мемлекеттік комиссия және арнайы мониторингтік топ өкілдері қатаң бақылады. Тестілеуге барлық оқушы жіберілді, аудиториядан ешкім шығарылған жоқ, — дейді Қарғалы ауданының ҰБТ өткізу бекетінің директоры Зада Тойбазарова.

ҰБТ қорытындысы бойынша Әлімбет орта мектебінің түлегі Диас Бәйімбетов 122 балл жинады. Бұл — аудан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Мектепті «Алтын белгімен» тәмамдаған Диас медициналық институтқа түсіп, стоматолог дәрігерболғысы келетінін айтады.

Виктория ЮСУПОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button