Білім

Темірдегі түлектер тест тапсырды 

Биыл Темір ауданы бойынша 339 түлек 11-сыныпты тәмамдады. Оның 254-і ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.

Темірлік түлектер ҰБТ-ны Ж.Кереев атындағы орта мектеп ғимаратында тапсырды.

ҰБТ өткізілетін әрбір пунктте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес жастар дезинфекциялаудың барлық кезеңінен өтті. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Әр аудитория кезең-кезеңімен желдетіліп, сақтық шаралары жасалды. Кабинеттер тек 35 пайызға толтырылып, әрқайсысына 9-12 адамнан орналастырылды. Барлық 10 аудитория бейнекамералармен жабдықталып, ҰБТ өткізу пункттерінде бейнекөрсетілім ұйымдастырылғанын айта кету керек. Ол үшін арнайы ent1-online.kz ресми сайты мен ютуб желісінің арналарында онлайн-көрсетілім жүргізілді. ҰБТ-ның бірінші күнінің нәтижелері res.center.kz сайты арқылы кешкі сағат 17.00-ден бастап жарияланды.

Шекті балл жинай алмай қалғандар үшін тамыз айында тестілеу ұйымдастырылады. Одан сүрінбей өткендер ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік алады. Осы және өзге мағлұматтарды педагогтер шәкірттері мен олардың ата-аналарына түсіндірді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button