Денсаулық

Облыста тағы 20 адамнан коронавирус анықталды

20 маусымдағы мәлімет бойынша Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 20 жағдай тіркелді.
Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары бойынша 1986 жылғы үш әйел адамға, 1998, Мәртөк ауданынан 1967, 1980, 1961, 1970, 1957, 1962, 1957, 1948, Әйтеке би ауданынан 1968 жылғы әйел адамға, 2006, 2010, 2008 жылғы балаларға, 1964, 1990, 1991, 1992 жылғы ер адамдарға COVID-19 диагнозы қойылған. Олардың арасында екі әйел адам — аудан тұрғыны. Ал қалғандары — Ақтөбе қаласының тұрғындары.
13 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген. Ал 7 адамда профилактикалық тестілеу кезінде қауіпті індет анықталған.
Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.
Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
2020 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 610 адам тіркелген.

COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша ВАК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button