Ауыл

Жолдар дұрысталып, балабақша жөнделеді

Жол картасы

Қарғалы ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында құрылыс, абаттандыру, жөндеу жұмыстары бойынша 10 жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Қосестек ауылдық округінде жолдар дұрысталып, балабақшалар жөнделмек.  

—  Мердігер компания «КазСтройМагнум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде  Балниязов, Шампиев, Абай және Бірлік көшелеріндегі жолдарға қиыршық тас себу және грейдер төсеу жұмыстарын аяқтады, —  дейді  ауылдық округ әкімі Гүлжан Досмағамбетова. Қайта жаңартылып жатқан жолдардың жалпы ұзындығы 3 шақырымнан асады, ені — 6 метр. Бұл мақсатта  218 миллион теңге қаражат қарастырылған. Округ әкімінің айтуынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде 28 адамның қолына күрек берілген.

Ауылдағы «Балауса» балабақшасында жөндеу жұмыстарына тағы 8 тұрғын жұмысқа тартылған. Бұл мақсатта 57 миллион теңге қарастырылған. Жоба аясында іргелес аумақты абаттандыру, шатырды ауыстыру, кіреберісті монтаждау, аулаға тас төсеу және аумақты қоршау жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ ғимараттың қасбетін қаптау, су өткізетін жабынды салу және қосалқы құрылыстар орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл мақсатта 57 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастаған мердігер «Игілік-ГН» ЖШС тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Виктория ЮСУПОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button