Білім

Соңғы қоңырау соғылды

Кеше облыс мектептерінде соңғы қоңырау рәсімі жаңа форматта ұйымдастырылды.  Ел тарихында бірінші рет оқушылар оқу жылы қорытындыланып, жетістіктер сараланатын жиынды үйлерінде, қашықтан өткізді.

Аталған шараға 1-10 сынып оқушылары қатысты. Сынып сағаттары барлық мектепте бейімделген кестеге сәйкес өтті.

  • Әр сыныпта сынып сағаттары онлайн режимінде ұйымдастырылды.

Өңірдегі барлық мұғалімдер мен оқушыларды облыс әкімі Оңдасын Оразалин онлайн режимінде құттықтап, жылы лебізін білдірді. Рәсім барысында әр сыныптың оқушыларының жетістіктері айтылды, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

Айта кету керек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те еліміздегі барлық педагогтер мен оқушыларды республикалық «Балапан» және «Еларна» арналары арқылы оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Еліміз бойынша 3-4 маусымда мектеп түлектеріне аттестат табыс ету шарасы өтеді. Биыл 6604 түлек мектеп бітіреді. Соның 5738-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Еліміз бойынша ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұйымдастырылады. Жалпы облыста 15 ҰБТ өткізетін пункт бар. Оның 3-еуі Ақтөбе қаласында болса, қалғандары аудан орталықтарында орналасқан.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button