Пікір

Жүйелі істің сенімді бағыты

Құралбай БАЙСҰЛТАНОВ, мемлекеттік қызмет ардагері:

Осындай барлық өндіріс пен кәсіпорындар, мекемелер уақытша жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болып, қашықтан жұмыс істеуге тура келген шақта көптің көңілінде «ендігі күнкөріс көзі қалай болады екен» деген күдіктің де орын алғаны жасырын емес. Алайда біздің биліктің жүйелі жүргізіп отырған саясатының арқасында бұған дейін болмаған бірқатар шаралар қабылданды. Мәселен, уақытша жарияланған төтенше жағдайдың салдарынан табысынан айырылған жандарға әлеуметтік көмек ретінде 42500 теңге тағайындалғаны біраз отбасыға айтарлықтай көмек болды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік қоржындары берілуде. Коммуналдық төлемдерге де біраз жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

Халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін елімізде маңызды бастамалар қолға алынғанын Мемлекет басшысы да кешегі «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында кеңінен айтып берді. Ел Президенті «Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөзді еске ала отырып,  елді алаңдататын өзекті мәселенің бірі — баспана екенін, осы бағытта да ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. «Үкімет алдына Елбасы ұсынған «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жандандыру міндеті қойылды. Соған сәйкес, биылдан бастап жыл сайын көпбалалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», — депті мақалада Мемлекет басшысы. Алдағы уақыттабіраз отбасының үйлі болатынын естіп, қуанып қалдық.

Ел тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған қолға алынған осындай шаралар — мемлекеттің өз халқын қамқорлыққа алып отырғандығының көрінісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button