Білім

Балдырған

Қанатты дос

Құстар қалай ұшады?

Әдетте үлкен кісілер «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады» деп жатады. Одан әрі талдап әуре бола қоймайды. Ал ғалымдар не дейді?

Құстардың дене бітімінде адамдарға қарағанда көптеген артықшылықтар бар. Мысалы, олардың денесі өте жеңіл. Қалай?

Біздің сүйектеріміз — тығыз және ауыр, ал құстардың сүйектерінің іші қуыс, бос. Құстарда тіпті тіс те болмайды, ал қауырсындарының еш салмағы жоқ.

Кішкентай денелерімен салыстырғанда құстардың қанаты зор және қуатты болып келетіні және бар. Егер біздің иығымызға қанат бітер болса, оның көлемі басымыздың көлемімен шамалас болар еді.

Осындай алып қанаттың екпіні құсты ілгері итеріп, әуеге көтеріп әкетеді. Қанат жиі қағылған сайын жылдамдық та өсе береді.

Біліп жүр

…Қашан пайда болды?

  • Барометр (ртутты) — 1643 жыл. Эванджелиста Торричелли. Италия.
  • Бетон — біздің заманымызға дейінгі І ғасыр. Рим.
  • Қауіпсіз ұстара — 1900 жылдар шамасы. Кинг Кэмп Жилетт. АҚШ.
  • Электрлі ұстара — 1928 жыл. Джекоб Шик. АҚШ.
  • Қола (мыс пен қалайыны қосып балқыту) — біздің заманымызға дейінгі 3700 жылдар шамасы. Мессопотамия.
  • Қауіпсіз түйреуіш (ағылшындық) — 1898 жыл. Уолтер Хант. АҚШ.
  • Қағаз — 105 жылдар шамасы. Цай Лун. Қытай.
  • Қағаз орамал — 1931 жыл. Артур Скотт. АҚШ.
  • Қағаз ақша — 806 жыл. Қытай.
  • Бумеранг — 15 мың жылдар шамасы бұрын. Австралия.

Жануарлар әлемі

Жапыраққа тәуелді жануарлар

Бір замандарда Еуропаны тұтас жайлап жүрген бұл жануарлардың қазіргі жай-күйі тым аянышты.

Америкада тіршілік ететін бизондарға сыртқы түрі ұқсап тұратын зубрлар бұл күнде Польша, Белоруссия мен Ресей территорияларының қорықтарында ғана сақталып қалған. Ең көп табындар поляк-белорус шекарасындағы Беловежье тоғайында ғана жайылып жүреді.

Бірақ бұл ретте адамдарды кінәлау да қиын. Себебі жануардың бұл түрінің түгелдей жойылуға тақау қалуы жалпақ жапырақты орман-тоғайлардың азайып кетуіне байланысты болып отыр. Зубрлар негізінен ағашты-бұталы  өсімдіктердің жапырақтармен, қабығымен, жас бұтақтарымен қоректенеді. Ал күзде үнемі емен жаңғағын іздейді.

Жоғарыда айтқанымыздай, зубрлар бизондарға ұқсайды, бірақ олардан гөрі сымбаттылау. Артқы аяқтары биіктеу, ал мойын-кеудесі тым құдыс емес, сабалақ жүні де аз. Мүйіздері жіңішке әрі ұзын, бұқаларының мүйізінің ұзындығы 51 сантиметрге дейін жетеді. Әдетте аналық бизон 9 ай көтерген соң 1 бұзау туады да, 2-3 жылға дейін сол жалғыз төлін ғана ертіп жүреді.

Зубрдың дене тұрқы 2,1-3,5 метр, ал құйрығының ұзындығы 50-60 сантиметр болады.

Менің каникулым

Ауылдағы «ақ желкен»

Мен жазғы каникул кезінде Қаракөл аулындағы «Ақ желкен» лагеріне бардым. Маған лагерь қатты ұнады.

Тәрбиеші апайлар түрлі пікірталастар өткізді. Ауыл маңындағы көлге шомылуға бардық. Мектеп жанындағы мұражайға апарған кезде әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың құжаттарын, қазақтың ұлттық киім-кешектерін көрдік. Біздерді мұражай жәдігерлерімен Эленора және Клара апайлар таныстырды.

Апайлар «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды.

Лагерьде бес мезгіл тамақтандық. Аспазшы апайлардың пісірген тамақтары тіл үйіреді екен.

Сөйтіп, 10 күн желдей зулап өте шықты. Мен Қаракөл аулына барып демалғаныма қуаныштымын. Лагерьде біздің әр ісімізді қадағалап, жақсы қадамдарға тәрбиелеген апайларға алғысым шексіз.

Ғалым БЕГЕНОВ,

6-сынып оқушысы.

Құмсай ауылы,

Мұғалжар ауданы.

Оқушының өлеңі

Күн

Күн көрінді, мінеки,

Таласып кеп қарап ек.

Күлім қағып тұр екен:

«Не керек саған, бала?» — деп.

Райса НАСАН,

Бөгетсай орта мектебінің 5-сынып оқушысы.

Хромтау ауданы.

Жеңіс

Қорғады елді дұшпаннан

Ардагер ата-бабалар.

Бақытты өмір сүрсін деп,

Кейінгі ұрпақ балалар.

Жеңіс туы желбіреп,

Тұрды аспан көгінде.

Жайдары нұр елжіреп

Жайнап тұрды Жерімде.

Сайра ШАРАФУДИНОВА,

№24 лингвистикалық мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Мен салған сурет

Ақылды мысық

Суретшілер көзіміз үйренген күнделікті көріністерді басқаша да елестете алады.

Әйтеке би ауданының Қияқты аулындағы Қыналы негізгі мектебінің оқушысы Алтынай ҚАЙРОЛЛАЕВА «Балдырғанға» жолдаған суретінде мысықты іскер тірлік иесі ретінде бейнелеген екен.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button