Пікір

Салғырттықтың зияны көп

Базарбай ИМАНОВ,

«Қазақия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақтөбе облысы филиалының басшысы.

Бүгінде өте күрделі жайтты бастан кешіріп отырған әлемнің бір бөлшегіміз біз. Дүниежүзіне таралған коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі.

Ірі сауда нысандарының жұмысы шектеліп, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылды. Сондай-ақ, Президент азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн екендігін айтты. Бұл өте дұрыс шешім. Себебі қазіргі кезде көпшілік көп жиналатын жерге бармау, той-садақаларды кейінге шегеру аса маңызды. Бұл біздің денсаулығымыз үшін, өзіміздің, отбасымыздың, бала-шағамыздың денсаулығы үшін аса маңызды. Бір ай той-томалақ өткізбегеннен ештеңеміз кетпейді.

Қазір әлеуметтік желілерде бұл жайтқа қатысты елдің арасына іріткі салатын алып-қашпа әңгімелер көп. Алайда, бұл жағдайдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Керісінше, Үкімет қабылдап жатқан шараларды орындауымыз керек, себебі мұның барлығы, жаңа айтып кеткендей, өзіміздің, айналамыздың, халқымыздың денсаулығы, өмірі үшін өте-өте маңызды. Бұған салғырт-салақ қарауға болмайды. Елдіктің, бірліктің сыналар сәті келді. Осы сынақты халық болып бірге көтеруіміз керек.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button