Пікір

Дәрігерлер талабы — пайдалы нұсқау

Әсел ЖЕТЕНОВА,

облыстық кәрістер қауымдастығының мүшесі.

Қазіргі уақытта әлемге жайылған індеттің кесірінен біздің еліміз де қиыншылықты басынан өткеруде. Өзге елдер сияқты Қазақстанда да төтенше жағдай жарияланып, мектеп пен балабақшалар, ойын-сауық орталықтары уақытша жабылды. Күнделікті өмір сүру қалпымыз өзгеріп, көпшілік жиналған жерге бармауға тырысып жатырмыз.

Осындай қиын кезеңде қазақстандықтардың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қауіпсіздік, сақтық шараларын ұстануы, дәрігерлердің талаптарын орындауы өте маңызды. Бұл, ең алдымен, тұрғындардың пандемиядан қорғануының бірден-бір жолы. Осы мақсатта қазіргі таңда біз, этномәдени орталықтардың өкілдері, бір-бірімізді сақтық шараларын қатаң ұстануға, сабырлы, төзімді болуға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Елге келген пандемия — өзара түсіністікпен бірлесіп жеңетін індет. Ең бастысы, қазіргі таңда дәрігерлер мен мамандар ұсынған талаптарды бұлжытпай орындап, әркім өз отбасын, өз ауласын, өз айналасын осы індеттен қорғауы керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button