Абай — 175

Ықылас пен ықпал

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №11 Құрашасай селолық модельді кітапханасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абайды оқы, ерінбе» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды.

№77 мектепте өткен кітап көрмесінің мақсаты — тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын поэзиясын зерделеп оқуға, ұлы ақынның сан-салалы ақыл-ойын, өнер өрісін жүйелеп тануға ықпал ету, насихаттау.

Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар қойылды. Одан бөлек, Абайдың  «Қарасөздері», «Хикмет кітабы», М.Әуезовтің «Абай жолы» романы сынды түрлі басылымдар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

— Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді табуға болады. Оның шығармалары мен қарасөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай даналығы жаңа ғасырда жаңарып, түлеп, өркениетті мемлекет құрып жатқан қазақ халқының дамуына өлшеусіз зор ықпал жасауда, — дейді көрмені ұйымдастырған №11 селолық модельді кітапхана меңгерушісі Әлия Баймұханова.

Ақерке МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button