Мереке

Ақтөбеде алғаш рет «Kelinfest» өтті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалы 8 наурыз мерекесіне орай банктің бірнеше серіктестері—  Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,облыстық құрылыс басқармасы,«Нектар», «СМП Групп», «CentrGroup»құрылыс мекемелері, Ақтөбе хром қосындылары зауыты қызметкерлерінің «Kelinfest»атты шара өткізді.

Келіндер сайысы өте тартысты әрі көңілді өтті. Қатысушылар 60 секунд ішінде бауырсақтарды дайындау, жемістерді әдемілеп кесу, дастарқанға сәндеп қою, ұлттық костюмдерді көрсету, өзін және өз ұйымын таныстыру сияқты байқауларда бақ сынасты.

Қатысушыларды қолдау үшін келген әріптестердің көмегі де маңызды рөл атқарды,  олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы сұрақтарға – жауап беру сайысында  қосымша ұпайлар табуға көмектесті.

Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды Қ.Жұбанов атындағы университеттің  оқытушысы  Ағлес Сапарғали иеленді, 2-орынды «СМП Групп» құрылыс мекемесінің бас бухгалтеріГүлнар Назарова және 1-орынды «Нектар» құрылыс мекемесінің менеджері Ақмарал Елгенбаева иеленді.

«Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдері мен бағдарламалары тұрғын үй нарығында қолжетімді, сондықтан олар халық арасында сұранысқа ие. Күн сайын біз әріптестерімізбен жұмыс барысында бетпе-бет кездесеміз ал  бұндай форматтағы шарада алғаш рет кездесуіміз», — деді банк филиалы басшысының орынбасары Эльмира Акылтайқызы.

 Мақсат ЗАИТОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button