Денсаулық

 Сыртқа әкетуге тыйым салынады

Қытайда коронавирустық инфекцияның (2019-nСоv) өршуіне байланысты елімізде сақтық шаралары жасалып жатыр.

ҚР Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың  «Жеке қорғаныш құралдарын әкетуге рұқсат беруге тыйым салу туралы» 2020 жылғы 20 ақпандағы бұйрығымен ел аумағынан жеке қорғаныш құралдарын (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдер және бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы) костюмдер, медициналық маскалар, респиратор маскалары, халаттар, қолғаптарды) әкетуге  тыйым салынды.

Осыған байланысты облыстық  тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне, денсаулық сақтау басқармасына, кәсіпкерлік субъектілеріне хат жіберді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button